Қазақстан ұлттық құрамасының ең қымбат футболшыларының бірі Бахтиер Зайнутдиновтың айналасында үлкен трансферлік шу шарықтады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ресейлік инсайдер Александр Гуминскийдің мәлімдеуінше, отандық жұлдыз осы жазда Мәскеулік “Динамо” сапынан біржола кетуі мүмкін. Сонымен қатар, сарапшы Бахтиердің бұл ұжымға ауысуы кезінде жасырын қалған, футбол жұртшылығын шок қылатын құпия деректерді жайып салды.
Инсайдердің сөзіне сенсек, Мәскеулік клубтың басшылығы ең алғашқы сәттен-ақ Қазақстандық футболшыны өз қатарларына қосуға мүлдем құлықсыз болған. Тіпті, трансфер жасалар алдындағы ресми медициналық тексеріс кезінде үлкен жанжал туындапты.
Клуб дәрігерлерінің бірі Бахтиердің денсаулық жағдайына немесе жарақат алу қаупіне байланысты бұл ауысымнан түбегейлі бас тартуды ашық түрде талап еткен. Басшылық пен медициналық штаб бұл трансферді сәтсіздікке балап, келісімшартқа қол қоюдан бас тартпақ болған көрінеді.
Алайда, бұл қиын сәтте Қазақстандық талантты аман алып қалған бірден-бір адам — сол кездегі бас бапкер Валерий Карпин болып шықты. Ол клуб басшыларының да, дәрігерлердің де сөзіне құлақ аспай, өз дегенінде тұрып алған.
Гуминский бұл жағдайды былай деп сипаттайды:
“Менің білуімше, “Динамода” Зайнутдиновпен келісімшарт жасасуды ешкім қаламаған. Тіпті, медициналық тексеріс кезінде дәрігерлердің бірі бұл трансферден шұғыл түрде бас тартуды табанды түрде ұсынған екен. Бірақ бас бапкер Валерий Карпин өз айтқанынан қайтпай: “Бұлтрансфер үшін бүкіл жауапкершілікті өз мойныма аламын” — деп, Зайнутдиновты алып қалды.”
Бапкердің сенімі мен қолдауының арқасында командаға келген Бахтиер бүгінде клуб басшылығымен ортақ мәмілеге келе алмай жүрген сыңайлы. Бастапқыда оны қаламаған басшылық пен қазіргі жағдай футболшының жазғы трансферлік терезеде команда ауыстыруына түрткі болмақ.