"Д" тобының II-турына болжам

15.06.2012, 21:56
"Д" тобының II-турына болжам
«Украина» – «Франция».  Бұл кездесуде чемпионат қожайындарының бірі «Украина» құрамасы сүрінеді деп есептеймін, Ж2 – коеф. 2.02 немесе тотал «Франция» (1) көп – коеф. 1.53. Шведтермен өткізген кездесуде украиндықтар қорғаныста көп қателіктер жіберді. Ондай сәттерді шведтер кешіргенімен француздар кешірмейді, рас, орта шетте Назаренко, Коноплянкалар тәуір өнер көрсетті және Шевченконың бағы жанды, басқа айтарлықтай ештеңе көре алмадым. Солардың ықпалымен бір доп салуға шамалары келуі мүмкін. Ал француздарға келер болсақ, олар ағылшындарды қорғаныстан шығармады, бүкіл матч бойы шабуылдаумен болды. Орта шет ойыншылары Рибери, Насри, Малуда және шабуыл өтінде Бензема украиндарға кемінде екі доп ұйымдастырады. Нақты есеп:  1:2 – коеф. 8.5   (К.Бензема көзге түседі) «Швеция» – «Англия».  Жеңіс ағылшындарға бұйыруы тиіс, себебі тактикалық тұрғыдан олар шведтерге қарғанда әлдеқайда жоғары екенін өткен кездесулерден анық байқадық. Жылдам шабуыл кезінде Уэлбек, Янг және Т.Уолкоот (егер бірінші минуттан алаңға шықса) швед қорғаушыларын қапыда қалдырып кетуі әбден мүмкін.  Ж2 – коеф. 2.19 немесе тотал «Англия» (1) көп – коеф.1.6  Нақты есеп: 1:2 – коеф. 8.5 (Т.Уолкотт тотал (0.5) көп – 5)

Димаш МҰРАТБЕК

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Еуро фото
×