Жас талантқа осының алдында да Ресейден ұсыныс келген. Алайда Қайрат Боранбаев академия түлегін өзге командаға жібермей қойған.
17 жастағы Дәулет Орынбасар биылғы маусымда жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді. Ол Freedom QJ League турнирінде өткізген 20 матчта 20 гол соғып, лиганың үздік сұрмергені жүлдесіне ие болды. Ұлттық құраманың U17 санатындағы көшбасшысын “Зенит” пен ЦСКА клубы жаз айынан бері бақылап келеді. Сол кездері тіпті академия түлегіне ұсыныс жасағанды. Алайда Советайұлы Боранбаев Дәулет тым жас санап, оны Ресейге жіберуге әлі ерте екенін алға тартып еді.
Бүгін ел құрамасымен Хорватияны тізе бүктірген Орынбасарға Ресейден тағы да ұсыныс жасалатыны жайында біраз ақпарат тарады. Сол баяғы “Зенит” пен ЦСКА “Қайрат” түлегіне талас құруға дайын екен.
Егерде Дәулет көршілес елге баратын болса, командамен бірден кәсіби келісім шарт жасай алады. Ол Дастан Сәтпаев секілді 18 жасқа толғанын күтпейді. Ресейде футболшыларға 16 жастан келісім шартқа отыруға рұқсат берілген. Сол себепті Орынбасардың ойыны жүріп тұрғанда, Премьер-лигаға жіберген дұрыс болып көрінеді.