Қазақстандық жартылай қорғаушы Дәурен Жұмат мансабында үлкен бетбұрыс жасауға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.
Match KZ мәліметінше 26 жастағы футболшы таяу күндері "Ақтөбе” клубының оқу-жаттығу жиынына қосылады деп күтілуде.
Дәурен үшін өткен 2025 жылғы маусым өте сәтті болды. Ол алаңда өзінің шеберлігін танытып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді:
27 матч, 13 гол, 3 нәтижелі пас, Маусым серпілісі
Орталық шептегі белсенділігімен көзге түскен Жұмат "Ақтөбе" командасының шабуыл әлеуетін арттыра түспек.