"РБ Лейпцигтің" қорғаушысы Деотшанкюль Упамекано мансабын «Баварияда» жалғастырады. Мюнхендік клуб футболшымен 2026 жылға дейін жарамды келісім-шарт жасасты. Қорғаушы жаңа командасында 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап ойнай алады.
"Дайо Упамеканоны сатып алғанымызға қуаныштымыз. Ол таяу жылдары біздің команда үшін өте маңызды ойыншы болады, біз бұған сенімдіміз", - деді мюнхендік клубтың спорттық директоры Хасан Салихамиджич.
Келіссөздерге "Баварияның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик те қатысып, ойыншыны неміс клубын таңдауға көндірген. "Бавария" "РБ Лейпцигке" 42 миллион еуро төлейтіні туралы хабарланды. Упамеканоға "Челси" мен "Ливерпуль" клубтары да қызығушылық танытқан еді.
Біздің серіктес: FONBET