Дамир Қасабулат: “Реалға қарсы ойнау – бала күнгі арманым”

23.09.2025, 16:45

“Қайраттың” жартылай қорғаушысы Дамир Қасабулат алдағы “Реал Мадридпен” өтетін тарихи матчқа қатысты пікірін ASnews.kz сайтына берген сұхбатында бөлісті.

Дамир Қасабулат: “Реалға қарсы ойнау – бала күнгі арманым”

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің екінші турында “Қайрат” өз алаңында турнирдің 15 дүркін жеңімпазы “Реалды” қабылдайды.

“Алда тарихи матч күтіп тұр. Екі күн демалып, сосын толыққанды дайындыққа кірісеміз. Әр күнім осы сәтке дайындықпен өтті десем болады. Бұл – менің бала күнгі арманым. Ең бастысы – сену және еңбектену.” – деді Қасабулат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×