Дани Алвес өзіне қол жұмсады

10.03.2024, 14:13

Түрмеге тоғытылған Дани Алвес өзіне қол жұмсады деген ақпарат өтірік болып шықты, деп жазады Аладоп.кз.

Дани Алвес өзіне қол жұмсады

Осыған дейін бразилиялық журналист Пауло Альбукерке қыз зорлады деп жазаға тартылған Дани Алвесті о дүниелік болып кетті деп хабарлаған болатын.

Алайда TNT Sports журналисті Марсело Бехлер Альбукеркенің арзан жаңалығын жоққа шығарды. Ол футболшыда барлығы дұрыс, алаңдайтындай негіз жоқ екенін тілге тиек етті.

Қазіргі сәтте прокуратура экс-қорғаушының жазасын қатаңдату бойынша жан-жақты жұмыс атқаруда. Олар Данидің қыз зорлаған үшін небәрі 4,5 жылға сотталғанына көңілі толмайды екен.

Алвес онымен қоса, сот шешімі бойынша зардап шеккен тарапқа 150 мың еуро төлеуі тиіс және жәбір көрген қызға 9,5 жыл аралығында жоламауы міндеттелді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
×