"Марсельге” қарсы кездесуде қызыл қағаз алған "Реал” қорғаушысы "Ливерпульге" қарсы матчта төбе көрсетуі мүмкін.
Еске салсақ, Даниэль Карвахаль 17 қыркүйекте “Марсельмен” болған кездесудің 72 минутында тікелей қызыл қағаз алған еді.
УЕФА ережесіне сәйкес, тікелей қызыл қағаз алған футболшы 3 матчтан шеттетілуі тиіс. Алайда испаниялық қаптал қорғаушы “Қайрат” және “Ювентуспен” болатын ойыннан кейін қайта қатарға қосылады.
Қаптал қорғаушы жоқ кезде Хаби Алонсо оның позициясында Рауль Асенсионы қойып жүр. Алдағы уақытта жас футболшы 33 жастағы ардагердің орнын басады деп күтілуде.