"Барселона" жартылай қорғаушысы Дани Ольмо "Сельтаға" қарсы өткен ойыннан кейін (4:2) өз пікірін білдірді.
"Біз ойын кезінде, әсіресе гол соққанымыздан кейін 90 минут бойы назарымызды шоғырландыруды үйренуіміз керек. Өзіміз гол соққаннан кейін бір-екі минут ішінде жауапты гол өткізуге жол бермеуіміз қажет." – деді Ольмо The Touchline басылымына берген сұхбатында.
"Сельтаға" қарсы ойын кезінде Роберт Левандовский хет-трик тіркесе, Ламин Ямал өз есебіне бір гол жазды.
Ла Лига турнир кестесінде "Барселона” 12 турдан кейін 28 ұпай жинап, екінші орындa тұр.