Даниялық "Кёге" клубының спорт директоры Аурелиюс Скарбалюс Қазақстандық қақпашы Дулат Талыспаевтың командадағы болашағына қатысты алғашқы пікірін айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клуб басшысы Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында отандасымыздың келуіне көңілі толатынын жеткізді.
"Дулат Талыспаевтың біздің клубтың сапына қосылғанына қуаныштымыз. Ендігі кезекте оның көктемгі маусымда өзін қалай көрсететінін бақылайтын боламыз. Барлығы уақыт еншісінде.” — деді Скарбалюс.
Айта кетейік, Қазақстандық жас талант Дулат Талыспаев үшін алдағы көктемгі маусым Дания чемпионатында бейімделу мен негізгі құрамнан орын алу тұрғысынан шешуші кезең болмақ. Жергілікті жанкүйерлер мен бапкерлер штабы футболшының қабілетіне үлкен үміт артып отыр.