Данияр Мұқанов - “Тобылдың” жаңа спорттық директоры

27.08.2024, 22:27

Қостанайлық “Тобыл” клубтың спорт директоры лауазымына 47 жастағы Данияр Мұқановтың тағайындалғаны жайында ақпарат таратты.

Данияр Мұқанов - “Тобылдың” жаңа спорттық директоры

“Тобылдың” Данияр Мұқанов жайлы әлеуметтік желіде жазған жазбасынан:

“Данияр Жексенұлы қостанайлық жанкүйерлерге өте жақсы таныс. Мұқанов 2002 жылы футболшы ретінде сары-жасылдар сапына қосылды. Қорғаушы «Тобылдың» ғасыр алмасар тұсынтағы сәтті өнерінің, бірден-бір куәсі. «Сары-жасылдар» жейдесінде Мұқанов 264 матч өткізіп, 8 гол соқты, чемпионаттың жеті медалі мен алтынын неленді, Қазақстан Кубогін жеңіп алды. Маусым корытындысы бойынша ҚПЛ үздіктер құрамына бес рет кірді (2003, 2005, 2006, 2008, 2010)”.

Данияр Мұқанов спорттық директоры қызметінде Жұмасқалиевтің орнын басты. Өздеріңіз білетіндей Нұрбол Жәрдемұлы қазірде “Тобылдың” бас бапкері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Тобыл
Серіктес жаңалықтары
×