22 жастағы орталық қорғаушы Данияр Урда “Атырауға” қайта оралды.
Урда бұған дейін 2022-2024 жылдар аралығында “Атырау” намысын қорғады. Алматылық “Қайрат” ФК түлегі сондай-ақ “Хан-Тәңірі” мен “Тараз” клубында өнер көрсетті.
Данияр соңғы ойнаған “Тараз” клубында небәрі 2 ойын өткізді. Оның өзінде бас бапкер Нүркен Мәзбаев бұл футболшыны көп дегенде 10 минутқа алаңға шығарып отырды. Бапкер ауысып, қызметке Нұрмат Мырзабаевтың келуімен Данияр бірден клубтан кетті. Жас футболшы Жамбылдық ұжымда ойын минуттарының аздығынан өзің көрсете алмады.
Орталық қорғаушы кәсіби деңгейде барлық турнирлерді қосқанда, 19 матч өткізді.