24 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы соңғы рет “Ақтөбеде” доп тепкен болатын.
Ақ-қызылдар “Қайрат” клубының түлегін осы жылдың сәуір айында “Тобылдан” жалға алған болатын. Содан бері Данияр “Ақтөбе” жейдесінде 20 матч өткізіп, 1 гол мен 3 голдық пас берді. Футболшы осы мсусымда өз командасының 4 еурокубоктік матчына қатысқанын айта кетейік.
Үсенов өзінің кәсіби мансабында “Ақтөбе” мен “Тобылдан” бөлек, алматылық “Қайрат”, талдықорғандық “Жетісу” және ақтаулық “Каспий” ұжымдарында да өнер көрсеткен.
Айта кетейік, 2019/20 жылғы маусымда Данияр “Қайратпен” ел чемпионы атағына ие болды. Келесі маусымында жартылай қорғаушы дәл сол Алматы командасымен Қазақстан Кубогын басына көтерді.