22 жастағы отандасымыз өз командасының соңғы 5 матчында 4 нәтижелі әрекет тіркеді.
Бүгін оның командасы Испания Терсерасында Чиклананы 3:1 есебімен ұтты. Аталған ойынның 86 минутында Данил қарсылас қақпасын тура көздей білді. Сол арқылы соңғы 5 ойындағы 4 голын соқты.
Бұған дейін ол “Атлетико Централь”, “Утрера”, “Дос Эрманасқа” қарсы кездесулерінде мергендігімен көзге түсті.
Қазірде Сеута командасы 12 турдан кейін жинаған 22 ұпайымен 4 орында келеді. Алдағы уақытта Испания командасы алған қарқынын үдетіп алмаса, чемпионаттың плей-офф сатысына жоладма ала алады.
22 жастағы шабуылшы өзінің кәсіби мансабында “Родина”, “Шериф”, “Ван”, “Джюгас”, “Днепр-Могилев”, “Менсахеро” ұжымдарында өнер көрсетті.