Данило бір жылға бас бостандығынан айрылады.

10.01.2013, 19:05
Данило бір жылға бас бостандығынан айрылады.
Бразилияның Сан-Паулу штатының соты италияның “Удинезе” клубында өнер көрсететін қорғаушы Данило Лорангейруды бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 28 жасар бразилиялыққа қарсылас команданың ойыншысын қаралап, нәсілшілдікке бой алдырды деген айып тағылуда. 2010-шы жылы “Палмейрас” клубында доп тепкен Данило кезекті ойын күнінде “Атлетико Параненсе” командасына қарсы матчта ерсі қылық жасаған. Ол қарсылас ойыншы Маноэльдің бетіне түкіріп, намысына тиетін сөздер айтқан. Бұл іске қатысты шешімді енді ғана шығарған Сан-Паулу соты Данилоны 1 жылға бас бостандығынан айыруды жөн көріпті. Алайда бразилиялық қорғаушы тек ірі көлемді айыппұлмен құтылуы да ғажап емес. Егер апелляциялық шағым қабылданса Данило 127 мың еуро көлемінде айып төлемек.  Елдос Сапарғали   
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×