Дания қорғаушысы Давиде Астори атындағы сыйлыққа ие болды

13.04.2022, 00:15
Симон өз командаласының өмірін сақтап қалған болатын.
Дания қорғаушысы Давиде Астори атындағы сыйлыққа ие болды

«Милан» мен Дания құрамасының қорғаушысы Симон Кьер Давиде Астори атындағы сыйлыққа ие болды және Италия футболының даңқ залына енгізілді. Бұл туралы Италия футбол федерациясының сайты хабарлайды.

Аталмыш сыйлық 2018 жылы 32 жасында қайтыс болған «Фиорентина» капитаны Давиде Асторидің құрметіне берілген.

Кьер 2021 жылдың 12 маусымында Дания мен Финляндия құрамалары арасындағы ойын кезінде алаңда жүрегі тоқтап қалған Кристиан Эриксеннің өмірін сақтап қалған болатын.

«Кристианға қарай жүгіргенде, мен де әріптестерім сияқты оның жүрегі тоқтап қалғанын білмедім. Менің ойымдағы жалғыз нәрсе – оған тезірек жетіп, көмектесу болды. Мұның маңызды нәрсе екенін түсіндім. Егер сіз біртүрлі нәрсені көрсеңіз, тез арада әрекет етуіңіз керек. Алғашқы көмек көрсету кезінде жылдамдық маңызды. Қолыңыздан келетін нәрсені жасаңыз және оны мүмкіндігінше тез жасаңыз, содан кейін кәсіби мамандарға жол беріңіз. Сол күні дәрігерлердің бізге өте жақын тұрғаны жақсы болды», - деді Кьер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×