Дарабоз Дарбо “Ордабасыдан” кетті

26.08.2024, 20:59

Шымкенттік “Ордабасы” 26 жастағы  шабуылшы Дембо Дарбомен қош айтысты.

Дарабоз Дарбо “Ордабасыдан” кетті

Осы маусымда гамбиялық ойыншы "Ордабасы" үшін 8 ойын өткізіп, 3 гол соқты. Оңтүстік ұжымға ол елордалық “Астанадан” ауысып келді. Өз мансабында Дарбо солигорскілік “Шахтер” мен БАӘ “Аль-Наср командасында доп тепті. 

Дембо өз командасының “Ақтөбеге” қарсы кездесуінен шет қалды (1:1). Бас бапкердің қызметін уақытша атқарған Александр Кучма шабуылшыны тізімге енгізбеді. 

26 жастағы Дарбо жақын аралықта әзербайжандық “Нефтчи” сапына ауысады деген ақпарат бар. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ФК Ордабасы
×