«Дастан Сәтпаев 16 жасында-ақ қазақстан чемпионатында білгенін істеуде..» Танымал аккаунт алматылық талантқа тәнті болуда

17.04.2025, 16:40

Fernando Higaldo аккаунты Дастан Сәтпаев туралы ерекше жазба қалдырды.

«Дастан Сәтпаев 16 жасында-ақ қазақстан чемпионатында білгенін істеуде..» Танымал аккаунт алматылық талантқа тәнті болуда
Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапында

Танымал желі «Челси» мен «Қайрат» шабуылшысының өнерін жоғары бағалап, әсерімен бөліскен болатын.

«Дастан Сәтпаев 16 жасында қазақстан чемпионатында білгенін істеуде. Бұл енді осал лига, бірақ ол өзінің 16-жасында-ақ «Қайратта» ерекше көзге түсуде. Жас футболшыны «Челси» сатып алған және болашағының қалай боларын болжау мүмкін емес. Бірақ Дастан Сәтпаев мансабын мұқият қадағалауға тұратын нағыз талант», - делінген жазбада.

Дастан Сәтпаев биыл алматылық клуб сапында ҚПЛ-дегі 5 ойында 4 рет мергендік танытып, 1 ассист берген. Футболшының нарықтық бағасы 400 мың еуро.               

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×