Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турында Дастан Сәтпаев дубль авторы атанып ғана қоймай, спорт жанкүйерлерін де таңғалдырды.
16 жасында Қазақстан чемпионатының жоғарғы лигасында дебют жасаса да, Дастан Сәтпаев қарсылас қақпасына 11 гол соғып үлгерді.
Бұған дейінгі маусымдарда көпшілік қазақ футболшыларының арасынан 10 голдан артық соғатын футболшы табылмай жүр деп дабыл ұрып еді. Тіпті 2024 жылы Ислам Чесноков «Тобыл» сапында 10 голмен үздік сұрмерген әрі үздік ойыншы номинациясын иеленген еді.
Кейінгі 10 жылда 10 голдан артық соққан футболшылар:
2023 жыл. Асхат Тағыберген («Ордабасы») - 11 гол
2021 жыл. Артур Шушеначев («Қайрат») - 12 гол
2019 жыл. Абат Айымбетов («Ақтөбе») - 16 гол
2017 жыл. Бауыржан Исламхан («Қайрат») - 11 гол
2016 жыл. Роман Мұртазаев («Ертіс») - 12 гол
Десе де Дастан Сәтпаев өз сұхбатында нағыз футбол шетелде басталады деп еді. Дегенмен оның әрбір голы «Қайраттың» кезекті чемпиондығы мен жеке жетістігін жаңартуға айрықша үлес қосып отыр.