Дастан Сәтпаев
Британиялық BBC Sport басылымы «Челсидың» жаңа футболшылары туралы материал жазып, Дастан Сәтпаевқа тоқталды.
«Челси» келесі маусымға дайындаған бір топ ойыншыны белгілеп қойды, олардың қатарында 40 млн фунт тұратын «Спортингтің» вингері Жеовани Кенда, «Страсбург» шабуылшысы Эмануэль Эмегха, «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев пен «Коринтианстың» сол қаптал қорғаушысы Деннер Эванжелиста бар», - делінген сайт материалында.
Дастан Сәтпаев кәмелетке толғанша «Қайратта» жалға жүреді. «Челси» сапына осы тамызда ауысады деп күтілуде. 17 жастағы футболшы үшін өткен маусым аса жемісті болды – «Қайрат» сапында 26 ойында 14 голдың авторы атанды. Бұған тағы ЧЛ-дағы нәтижелі 4 соққысын қосуға болады.