Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде ойнап жатқан «Қайрат» клубы Словения жерінде «Олимпия» қақпасына гол соқты.
Ойынның 59-минутында 16 жастағы Дастан Сәтпаев есеп ашты.
«Олимпия» – «Қайрат» 1:1
Дастан сондай-ақ еурокубокта алғашқы матчын өткізен ең жас футболшы ретінде де тіркелді.
Ол бұған дейін «Ақтөбеде» жүріп, еуродода алғашқы ойынын өткізген Юрий Логвиненконың нәтижесін жаңартты (17 жас, 11 ай, 27 күн).