Дастан Сәтпаев Еуропа чемпионымен доп тебеді

29.03.2025, 12:30

Лондондық “Челси” Испания құрамасының және “Атлетик Бильбаоның” 22 жастағы вингері Нико Уилльямсты өз құрамына қосу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

Дастан Сәтпаев Еуропа чемпионымен доп тебеді
Дастан Сәтпаев

TEAMtalk порталының мәліметінше, ойыншының келісімшартында 58 миллион еуро көлемінде өтемақы сомасы көрсетілген. Алайда бұл трансфердің сәтті жүзеге асуы “Челси” келесі маусымда Чемпиондар лигасына жолдама алса ғана мүмкін болмақ. Себебі Уилльямс жоғары деңгейлі жарыстарда ойнағысы келеді.

Ағымдағы маусымда Нико Уилльямс барлық турнирлерде 37 матчқа қатысып, 9 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Оның “Атлетикпен” жасалған келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Ал Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 70 миллион еуро деп бағалап отыр.

Айболат ӨНЕР 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×