Дастан Сәтпаев “Қайратта” қалады

27.10.2025, 12:00

"Қайрат" клубының төрағасы Қайрат Боранбаев жас талант Дастан Сәтпаевтың маусымдағы өнеріне жоғары баға берді.

Дастан Сәтпаев “Қайратта” қалады

"Дастан – биылғы маусымның ең үздік ойыншысы. Өз жасына қарамастан, өте жарқын ойынымен көзге түсті. Мұны тек біз ғана емес, Чемпиондар лигасындағы қарсыластар да мойындап отыр. Ол – қазақ футболының жаңа, жарқырап келе жатқан жұлдызы.” – деді Боранбаев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Клуб өкілі сонымен қатар Дастанның болашағы жайлы да айтты:

"Ол келесі маусымда да "Қайрат” сапында қалады. Себебі 18 жасқа дейін Англияға кете алмайды. Шамамен маусымның соңына дейін, яғни маусым немесе тамыз айына дейін біздің құрамда болады.” – деп нақтылады ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×