«Sports.ru» басылымы Әлемдегі 18 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы ең үздік деген 25 футболшыны даралап, әрқайсысына тоқталды.
Ресейлік сайт бұл тізімге «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Стәпаевты да қосқан. Ресейлік сарапшылар 17 жастағы ойыншының өнерін бағалап, ерекшелігін тілге тиек етті.
«Өзге футбол уақытының азаматы. Сәтпаевта барлығы бірақ жинақталғандай: допты өз айып алаңынан бөтен алаңға дейін апару, қарсыласты алдап өтетін сәттерді жинақтау, 35 метрден соққы жасау, допқа таласу. Кішентай рөлді атқаруды емес, еркін ойнауды сүйетін көше футболшысы, сондықтан, барлығын атқара алады. Біздің дәуірдегі қаһарман футболдың елшісі. Өз жасындағылардың басым көпшілігіндей әлі де шала әрі тым көп нәрсені бір ырғақпен істейді, алайда, талант ретінде толысқан. Сәтпаев алаңдағы позиция мен бір жүйеге тәуелсіз ойыншыға ұқсайды. Оның соққысы мәселе туындатудың кепілі ал қауіпті аймаққа дейін өз күшімен жете алады. Түсінікті, оны қазірдің өзінде «Челси» сатып алған әрі таңданарлықтай арзанға», - делінген танымал сайт материалында.
Дастан Сәтпаев өткен жылы алматылық клуб сапында барлық турнирлерде 41 матча гол + пас жүйесі бойынша нәтижелі 27 ұпай жинады (19 гол мен 8 ассист). «Челси» ақпанда футолшыны сатып алды. Дастан 18-ге толғанша «Қайрат» қатарында өнер көрсетеді. Биыл тамызда лондондық команда сапына ауысады.