Дастан Сәтпаев Англия лигасы кубогының екінші кезеңі аясында өткен «Брэдфорд Ситиге» қарсы ойында «Бёрнлидің» негізгі құрамында алғаш рет алаңға шықты. Бұл оның жаңа клубы сапындағы екінші кездесуі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Сәтпаев алаңда 80 минут өнер көрсетіп, кейін ауыстырылды. Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды. Алайда, пенальти сериясында «Брэдфорд Сити» 4:2 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.
Танымал футбол подкастері және «Челси» туралы Twitch-шоудың жүргізушісі Алекс Голдберг Қазақстандық форвардтың өнеріне жоғары баға берді. Сәтпаев бұл матчта нәтижелі іс-әрекеттерімен көзге түспесе де, оның статистикалық көрсеткіштері сарапшыны таңғалдырды.
Голдбергтің айтуынша, Сәтпаев келесі көрсеткіштер бойынша үздік болды:
– Допқа таласу: Ол 4 таластың төртеуінде де жеңіске жетті (4/4). Бұл матчтағы кез келген басқа ойыншыдан жоғары көрсеткіш.
– Допты ілгері жылжыту: Бұл көрсеткіш бойынша да Дастан барлық ойыншылардың ішінде көш бастады
Сарапшы Сәтпаевтың іс жүзінде оң қанаттағы вингер позициясында ойнағанына қарамастан, алаңның екі шетінде де (қорғаныста да, шабуылда да) белсенді жұмыс істегенін ерекше атап өтті. Голдберг футболшының ойынын "өте әсерлі" деп сипаттады.