Дастан Сәтпаев тамызда «Челсидың» негізгі құрамымен жаттығу жасайды. Өзін көрсетсе жалға бермей алып қалуы ықтимал

Бүгін, 14:54

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Дастан Сәтпаевтың мансабы мен «Челсидегі» мүмкіндігі жайлы пікірімен бөлісті.  

Дастан Сәтпаев тамызда «Челсидың» негізгі құрамымен жаттығу жасайды. Өзін көрсетсе жалға бермей алып қалуы ықтимал
Дастан Сәтпаев

«Тамызда «Челсидің» негізгі командасының қатысуымен өтетін оқу-жаттығу жиындары болады. Дәл қазір «Челсидың» бас бапкері Дастан Сәтпаевқа көңілі толады. Алайда, тамызда оған команданың негізгі құрамының ойыншыларымен бәсекелесе алатынын дәлелдеу керек. Сол кезде Дастанды негізгі командаға тартады. Міне сол уақытқа қарай клубтың мамандары Дастанды дайындауы қажет. Дастан Сәтпаев «Челсидың» негізгі құрамына ілініп кетсін деп тілейміз. Енді солай болған жағдайда футболшы үшін, ұлттық құрамадағы біздерге, жанкүйерлер мен жалпы еліміз үшін қандай керемет болар еді?», - деді Т. Байсуфинов «Vesti.kz» сайтына берген сұқбатында.

«Челси» Дастан Сәтпаевпен былтыр келісімшартқа отырды. Оның талаптарына сай, алматылық клуб түлегі лондондық клуб қатарын кәмелетке толғанда толықтырмақ (осы жылы тамызда). Дастан Сәтпаев өткен маусымда «Қайрат» жейдесінде 41 кездесуде 19 гол мен 7 ассист тіркеді. Ал Дамир Марат «Оқжетпес» үшін премьер-лига аясында 25 матчта өнер көрсетіп, 4 голдың авторы атанды.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×