
Дастан Сәтпаев жақын арада «Страссбурға» ауысуы ықтимал
Танымал маманның пікірінше, 16 жасар шабуылшы Франция чемпионатында доп тебуі ықтимал екен.
«Сәтпаевтың болашағына байланысты түрлі сценарий бар, барлығын қарастырып жатырмыз. Ең алдымен әрине, «Челси». Ондағы жоғары даму деңгейіне сенеміз. Екіншіден – басқа да нұсқалар аз емес, тәуба бұған футболшының таланты мүмкіндік береді. «Страссбурға» жалға бару немесе басқа бір клубқа ауысу? «Челси» сататын болса – бұл да біз үшін жақсы трамплин болар еді», - деді Г. Ткаченко Sport24-ке берген сұқбатында.
Естеріңізде болса, «Челси» 16 жасар шабуылшыны «Қайраттан» сатып алды. Бірақ, футболшы кәмелет жасына толғанша екі клубтың келісімі бойынша алматылықтар жейдесінде өнер көрсетпек. ҚПЛ-2025-те Дастан «Қайрат» сапында екі ойында доп теуіп бір голдың авторы атанды (Астана қақпасына салған 1:1). Сондай-ақ, ӘЧ-2026 іріктеуінде Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы ойындарда алаңға шығып, Қазақстан құрамасының сапындағы дебюттік кездесулерін өткізген болатын.
Біздің серіктес: FONBET