Дастан Сәтпаев
«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Реалға» қарсы матч қарсаңында өз ойымен бөлісіп, алматылық клубтың мақсаты жайлы тілге тиек етті.
«Мен үшін ең алдымен маңыздысы - командамның жетістігі. Бұл бәсекеде барынша жеңіске жеткіміз келеді. Қарсыластың өте мықты екенін білеміз. Оңай болмайды... Олар бірнеше рет Чемпиондар Лигасын ұтқан. Сол үшін барымызды саламыз. Жанкүйерлеріміз үшін тырыссақ, қолымыздан келеді деп ойлаймын», - деді Д. Сәтпаев
«Kazsport» телеарнасына берген сұқбатында.
«Қайрат» пен «Реал» ертең Алматының «Орталық» алаңында шеберлік байқасады.