Дастан Сәтпаев жастар құрамасындағы дебютін негізгі құрамда бастайды

05.06.2025, 19:00

Бүгін, 5 маусым күні сағат 19:30-де Қазақстанның жастар құрамасы (U21) Еуро-2027 іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Қарсылас — Андорра құрамасы. Бұл екі команда тарихта алғаш рет кездескелі отыр.

Дастан Сәтпаев жастар құрамасындағы дебютін негізгі құрамда бастайды

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының алдағы матчқа арналған бастапқы құрамы белгілі болды. Тізімге шетелде және ел ішіндегі клубтарда өнер көрсетіп жүрген жас ойыншылар енген.

Дулат Талыспаев («Кёге», Дания), Александр Мрынский («Қайрат»), Сұлтан Асқаров («Жетісу»), Эльхан Саидов («Шахтер»), Абинұр Нұрымбет («Тұран»), Олжас Байбек («Қайрат»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Глеб Валгушев («Қызылжар»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік академиясы»), Ян Труфанов («Атырау»).

16 жастағы Сатпаев жастар құрамасында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығады.

Ол бұған дейін Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасының капитаны болды. Ал 2024 жылдың наурызында ұлттық құраманың тарихындағы ең жас ойыншы атанған болатын.

Жоспар бойынша Сатпаев 9 маусым күні өтетін Солтүстік Македонияға қарсы матчта ұлттық құрамаға қайта қосылады. Бұл кездесу 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×