Дастан Сәтпаевқа не болған? Самат Смақовтың айтқаны келіп, футболшының ағзасына теріс әсер тигеннен сау ма?

11.10.2025, 17:30

«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев бүгін түнде дәрігерлердің ұсынысы бойынша қосымша медициналық қаралу үшін Доха қаласына жол тартпақ.

Дастан Сәтпаевқа не болған? Самат Смақовтың айтқаны келіп, футболшының ағзасына теріс әсер тигеннен сау ма?
Дастан

Бұл туралы алматылық команда баспасөз-қызметі мәлімдеген болатын. 

Футболшының жарақатына байланысты жағдайы мен қалпына келу барысы туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады делінген. Айта кетейік, 17 жасар футболшы ӘЧ-2026 іріктеуіндегі Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға қатысатын футболшылардың кеңейтілген тізімінде болған. Алайда, соңғы сәтте жарақаты бары анықталып, шет қалды. Клуб ойыншының тез сауығып, алаңға қайта оралуына тілектестік білдірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×