«Ақтөбенің» бұрынғы қорғаушысы Богдан Вэтэжелу ҚПЛ-дегі басты таланттар туралы пікірімен бөлісті.
Румыниялық футболшы Дастан Сәтпаевтан бөлек, тағы бір ойыншыға назар аударды.
«Сәтпаев – өте керемет шабуылшы. Жылдам, техника тұрғысынан өте қабілетті. Топ-ойыншы үшін бойында қажеттінің бәрі бар. Оны әрине «Челси» сатып алды. Келесі маусымда өзін сол жақта көрсетіп, үлкен ойыншыға айнала алады. Қазақстаннан тағы кімді ерекшелеп айта аламын? ҚПЛ-де Сәтпаевтың ізін басатын талантты жастар жетерлік. Алайда , өткен маусымнан есімде «Оқжетпестің» вингері (Дамир Маратты айтып отыр) қалды. Шынымен өте, өте жақсы футболшы», - деді Б. Вэтэжэлу «Vesti.kz» порталына берген сұхбатында.
Дастан Сәтпаев өткен маусымда «Қайрат» жейдесінде 41 кездесуде 19 гол мен 7 ассист тіркеді. Ал Дамир Марат «Оқжетпес» үшін премьер-лига аясында 25 матчта өнер көрсетіп, 4 голдың авторы атанды.