Әлеуметтік желідегі H Scout in Eurasia аккаунты Дастан Сәтпаевтың тәртібін жоғары бағалады.
Парақша 17 жастағы Дастанның жаттығу тәртібіне аса жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті:
"Дастан Сәтпаев Криштиану Роналдудың жолымен келе жатыр. "Алдымен кел, соңынан кет“ —ұлылыққа ұмтылғандардың бәрі ұстанатын қағида. Дастан мұны жақсы түсінеді, тіпті командалық жаттығудан кейін де ол қалып, жеке дайындалады." — деп жазды дереккөз.
Дастан Сәтпаев 2026 жылы 18 жасқа толған соң Лондондық “Челси” сапына қосылады.