Дастан Сәтпаевтың командаласы жасыл алаңға оралмақ – Мансабын Францияда жалғастыра ма?

Бүгін, 11:00

Допингке байланысты үлкен дауға қалып, футболдан белгісіз мерзімге шеттетілген Украиналық Михайло Мудриктің жазасы жақын арада алынуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Дастан Сәтпаевтың командаласы жасыл алаңға оралмақ – Мансабын Францияда жалғастыра ма?

Дисквалификация аяқталды ма?

The Chelsea forum фан-аккаунты таратқан мәліметке сүйенсек, құзырлы органдар Мудриктің шеттетілуін алып тастауды жоспарлап отыр.

"Страсбургке" жалға беру: Жұлдызды қайта тірілту жоспары

Клуб басшылығы Мудриктің бірден негізгі құрамға ілігуі қиын екенін түсініп отыр. Сондықтан оның бұрынғы бабына келуі үшін арнайы жоспар құрылған:

1. Францияға сапар: Футболшыны "Страсбург" клубына жалға беру нұсқасы қарастырылуда.

2. Сенімділікті қайтару: Франция чемпионатында тұрақты ойын практикасын алып, өзіне деген сенімділікті арттыру.

3. Соңғы шешім: Жалдау мерзімі аяқталған соң, "Челси" оны командада қалдыру немесе біржола сату туралы түпкілікті шешім қабылдайды.

Мудрик өткен маусымда клубтық деңгейде 15 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×