Дастан Сәтпаевтың әлсіз тұсы белгілі болды

06.10.2025, 18:06

Алматылық «Қайраттың» капитаны Александр Мартынович 17 жастағы Дастан Сәтпаев жайлы ойымен бөлісті.

Дастан Сәтпаевтың әлсіз тұсы белгілі болды

«Дастанның әлі де жұмыс істейтін тұстары бар. Ол жылдам, белсенді, соққысы жаман емес. Бірақ баспен ойнау - оның әлсіз жағы. Дәл осы тұсы оны «Реалмен» болған эпизодта оны голдан айырды», — деді Мартынович YouTube-тағы «Голевая передача» арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, мадридтік клубқа қарсы ойын алматылықтар үшін ауыр жеңіліспен аяқталды. Енді «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі келесі кездесуін 21 қазанда Алматыдағы «Орталық» стадионда Кипрдің «Пафос» клубына қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×