Дастан Сәтпаевтың өнеріне жанкүйерлер ғана емес, командаластары да тәнті. Шабуылшының болашағы зор дейді ұлттық құрамадағылар

26.03.2025, 11:50

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков командаласы Дастан Сәтпаевтың өнері жайлы әсерімен бөлісті.

Дастан Сәтпаевтың өнеріне жанкүйерлер ғана емес, командаластары да тәнті. Шабуылшының болашағы зор дейді ұлттық құрамадағылар
Дастан Сәтпаев

Айта кетейік, кеше ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеуінің аясында сырт алаңда Лихтенштейннен басым түскен болатын 2:0. Ал Дастан Сәтпаев тұңғыш рет Қазақстан сапында матчты негізгі құрамда бастап, 77 минут өнер көрсеткен.

«Дастан тырысты, жүгіріп, барын салған. Қарсыласты қыспаққа алды. Қазақстан құрамасының жейдесінде матчты бірінші минуттан бастағанына қуаныштымын. Ол үшін бұл тамаша тәжірибе болды, ал голдарды әлі де соғады. Шеберлігі шыңдалып, ойыны түрлене түсетініне сенімдімін», - деді Г. Жуков.

Әли Әлиев жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы іріктеудің екі турынан кейін 3 ұпаймен үшінші сатыға жайғасты. Алдыңғы екі орында Солтүстік Македония мен Уэльс.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×