Қазақстан футболының жас жұлдызы, 17 жастағы Дастан Сәтпаев YouTube-тағы Nobel арнасына берген сұхбатында қанша жылдамдықпен жүгіре алатындығын айтты.
Ол сұхбат барысында 35,5 шақырым жылдамдықпен жүгіре алатындығымен бөлісіп, көрсеткішті одан да жақсарта алуы мүмкін екендігін жеткізді.
Әлемдік статистикаға сүйенсек, бұл көрсеткіш қазіргі таңда футболдағы ең жылдам ойыншылардың ТОП-50 қатарына кіреді.
Әлемдік рейтингтегі үздіктер:
Килиан Мбаппе (Реал) — 38 км/сағ
Мики Ван де Вен (Тоттенхэм) — 37,38 км/сағ
Кайл Уокер (Бернли) — 37,31 км/сағ
ТМД кеңістігінде Михаил Мудрик (Челси) 36,63 км/сағ жылдамдықпен көзге түскен. Ал Ресей Премьер-лигасында ойнап жүрген қазақстандық Максим Самородовтың нәтижесі - 33,23 км/сағ.
Дастан Сәтпаевтың биылғы маусымдағы көрсеткіштері де жоғары:
Қазақстан Премьер-лигасында — 20 матч, 8 гол және 6 нәтижелі пас;
Чемпиондар лигасында — 7 матч, 3 гол және 1 пас.