Дастан Сатпаев «Челсиге» оралды

Бүгін, 10:59

Дастан Сатпаев жарақатын емдеу және қалпына келтіру кезеңдерінен өту үшін уақытша «Челсиге» қайтады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Дастан Сатпаев «Челсиге» оралды

Футболшы Чемпионшиптің төртінші турында «Мидлсброға» қарсы өткен үйдегі ойында (1:1) жарақат алған болатын. Ойын барысында Сатпаев аяғын ұстап, алаңнан алмастырылған. 

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Бёрнлидің» үздік ойыншысы атала бастаған Дастан бұл жарақатына байланысты бірнеше аптаға қатардан шығып қалмақ.

Жоспар бойынша, футболшы «Челси» базасында толық сауығып, оңалту шараларын аяқтағаннан кейін қайтадан «Бёрнлиге» оралады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×