Әлемдік футбол әлемінде Қазақстандық жанкүйерлерді елең еткізерлік жаңалық тарады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Отандасымыз, Дастан Сатпаев пен аңыз Криштиану Роналду Лондондық "Челси” сапында командалас атануы ғажап емес.
Роналду АПЛ-ға орала ма?
Football Insider басылымының хабарлауынша, Португалиялық жұлдыз Сауд Арабиясының “Әл-Наср” клубындағы жағдайына көңілі толмай жүр. Осы сәтті пайдаланып, Ағылшын Премьер лигасының бірнеше клубы, соның ішінде "Челси" де Роналдудың жағдайын жіті бақылап отыр.
"Манчестер Юнайтедтің” бұрынғы бас скауты Мик Браун бұл трансфердің мүмкін екенін растады. Алайда, бір шарт бар:
"Криштианудың Англияға қайта оралуы тек ол өзінің орасан зор жалақысын айтарлықтай төмендетуге келіскен жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.” — дейді маман.