Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны белгілі болды

25.09.2026, 20:34

Қазақстан құрамасы мен Aғылшынның «Бёрнли»  шабуылшысы Дастан Сатпаев жақын күндері жаттығуға қайта қосылады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Бұл туралы ASnews.kz ақпарат таратты. 18 жастағы футболшының алаңға бірнеше күн ішінде оралуы күтілуде. Қазіргі таңда Сатпаев оңалту жұмыстарын Лондондағы «Челси» клубының базасында өткізді. Қазақстандық шабуылшының трансферлік құқықтары дәл осы Лондондық клубқа тиесілі.

Сатпаев жарақатты 2 қыркүйекте Чемпионшиптің төртінші турында «Мидлсброға» қарсы кездесуде алған. Ойын барысында ол негізгі құрамда алаңға шығып, 81-минутта жарақатына байланысты ауыстырылған. Кейін футболшының санның артқы бөлігінен жарақат алғаны анықталды. 

Осыдан кейін «Бёрнли» бас бапкері Никки Хайен Сатпаевтың бірнеше апта қатардан шығатынын айтқан еді. Кейін клуб маманы Қазақстандық шабуылшының халықаралық үзілістен кейін командаға оралуы мүмкін екенін жеткізді. 

Сатпаев жарақатына байланысты «Бёрнлидің» соңғы бірнеше матчына қатыса алмады. Сонымен қатар ол Қазақстан құрамасының қыркүйек-қазан айларындағы Ұлттар лигасы ойындарына шақырту алғанымен, соңғы тізімге жарақатына байланысты енбеді. 

Қазақстандық футболшы «Челсиге» 2026 жылғы 12 тамызда ресми түрде келісімшартқа қол қойған. Арада екі күн өткен соң ол маусым соңына дейін жалға алу құқығымен «Бёрнлиге» ауысты. Сатпаев жаңа команда сапында Чемпионшипте үш, Англия Лига кубогында бір матч өткізіп үлгерді. 

Енді Сатпаевтың басты мақсаты – толық қалпына келіп, «Бёрнлидің» негізгі құрамына қайта қосылу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×