Давид Алаба «Реал Мадридпен» келісімшартқа отырады

02.01.2021, 20:58
Австриялық футболшы жазда еркін агент атанатындықтан, қыста жаңа клубымен келісімшартқа отыра алады.
Давид Алаба «Реал Мадридпен» келісімшартқа отырады

"Баварияның" қорғаушысы Давид Алаба "Реал Мадридпен" келісімшарт жасасуға жақын деп хабарлайды Marca.

Дереккөздің хабарлауынша, мадридтік "Реал" австриялық футболшыға жылдық жалақысы 10 миллион еуроны құрайтын төрт жылдық келісімшарт ұсынған. Алаба жазғы трансферлік терезеде мадридтік клубқа ауысады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Алаба бірнеше рет "Баварияның" жаңа келісімшарт туралы ұсынысынан бас тартқан болатын, содан кейін клуб ойыншымен келісімшартты ұзартуға күш салмайтындықтарын айтқан. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Давид шабуылшы Роберт Левандовскимен бірдей жалақы алғысы келген.

Алаба осы маусымда Бундеслиганың 12 матчына қатысып, 1 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×