Менің 2 балам бар. Ұлым Дани - 2,8-де, қызым Лия - 1 жаста. Үнемі матч одан бөлек жаттығуда болғандықтан олармен бірге бола алмаймын. Отбасым Астанада, ал мен Павлодардамын. 1,5 айда үйде 2 рет болдым.
Менің ойымша,балаларым қазақ тілін білуі тиіс. Өз Отанымыздың тілін білмеу - ол біздің, қазіргі ұрпақтың қателігі. Қазақ тілін үйрету, меңгерту жолдары жақсы дамып келеді. Сондықтан жақын арада қаз
ақ тілін үйрену қиын бола қоймас. Мен балаларымның қазақша, орысша және ағылшын тілдерін білгенін қалаймын.