«Манчестер Сити» 29 жастағы жартылай қорғаушы Кевин Де Брёйнемен келісімшартты ұзартуға жақын, деп мәлімдеді италиялық журналист Фабрицио Романо.
Дереккөздің айтуынша, клуб пен ойыншы арасындағы келіссөздер дұрыс бағытта жүруде. «Манчестер Сити» басшылығы келісімшартқа қатысты барлық мәселелерді жақын арада шешеді деп күтеді. Де Брёйне келіссөздерге өзі қатысуда. Жаңа келісім 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген деп хабарланды. Алдыңғы келісім 2023 жылы 30 маусымда аяқталады.
Осы маусымда Англия Премьер-лигасында бельгиялық жартылай қорғаушы 13 ойында екі гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. УЕФА Чемпиондар лигасындағы екі ойында ол төрт нәтижелі пас берді. «Манчестер Сити» Премьер-Лиганың турнир кестесінде 8-орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET