Де Хеа Рой Киннің рекордын жаңартты

02.01.2021, 17:03
Де Хеа бұл рекордты 15 жылдан кейін бұзды. Ал де Хеаның рекорды қашан жаңарады?
Де Хеа Рой Киннің рекордын жаңартты

"Олд Траффорд" стадионында Англия Премьер-лигасының 17-турында "Манчестер Юнайтед" "Астон Вилла" командасын қабылдады. Кездесу 2:1 есебімен "қызыл сойқандардың" пайдасына аяқталды.

Daily Star газетінің хабарлауынша, "Манчестер Юнайтедтің" қақпашысы Давид де Хеа клубтағы 327-ші кездесуін өткізді. Бұл команданың шетелдік футболшылары арасындағы жаңа рекорд болды. Бұрын бұл жетістік ирландиялық Рой Кинге тиесілі болатын, ол команда сапында сапында 326 матч өткізген. Оның бұл рекорды 15 жылға созылды.

"Манчестер Юнайтед" 33 ұпаймен Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде екінші орынға жайғасты, қосымша көрсеткіштер бойынша ол Премьер-лиганың көшбасшысы "Ливерпульден" артта қалып келеді. "Астон Вилла" (26 ұпай) - 6 орында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×