"Севильяның" шабуылшысы Люк де Йонг "Интерге" қарсы өткен (3:2) финалдық кездесу туралы өз пікірімен бөлісті.
"Бұл керемет! Біз әртүрлі турнирлерде қаншама қиын матчтарды артта қалдырдық, біз осының барлығына шыдас беріп мықты ойын көрсеттік. Біз нағыз отбасымыз десем қателескенім болмас. Алаңға кімнің шыққаны, кімнің шықпағаны маңызды емес, командадағының барлығы бір-бірі үшін жанын салды. Ал менің соққан екі голым ерекше сезім тудырады.
Бапкер таңертең-ақ менің бірінші минуттан алаңға шығатынымды айтқан. Мен бұған дейін де, оған дайын екенімді айтқан болатынмын. Қуанышыма орай, барлығы ойлағанымдай болды. Баспен соққы бағыттау - менің ісім. Алғашқы голда Навастың көтерген добы өте керемет болды, маған тек бұл допты қақпаның алыс бұрышына тастай салу керек болды. Ал екінші сәтте Банега да асқан шеберлікпен дәл пас асырды, бұл тіптен ерекше гол болды"- деді де Йонг.
Шыңғысхан Досмухамбетов
Біздің серіктес: FONBET