
Каталондық "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Френки де Йонг өзінің жарақатынан кейінгі ойын деңгейі туралы пікір білдірді. Ол 2024 жылдың сәуірінде тобығынан ауыр жарақат алып, тек сол жылдың қазан айында ғана алаңға қайта оралған болатын.
"Мен өте ауыр жарақат алдым, толық қалпына келуіме біраз уақыт кетті. Қазір бәрі жақсы. Шынымды айтсам, жарақат алғанға дейін мен бабымда болып, өте жақсы ойын көрсетіп жүргенмін. Биылғы маусымда алдыңғы жылдардағыдай тұрақты формада болдым дей алмаймын.” деді де Йонг Sport.es басылымында.
Біздің серіктес: FONBET