“Қайраттан” кеткен сербиялық Юг Станоев жаңа командасындағы алғашқы ойынын өткізді
“Университатя Клуж” Румыния Суперлигасының 25-турында “Акдажбен” кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Еске салсақ, 30 қаңтар күні “Қайрат” командасы Юг Станоевпен қоштасқаны жайында ақпарат берген еді. 26 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстанның екі дүркін чемпионы болғанынан кейін мансабын басқа ұжымда жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Енді міне Станоев өзінің жаңа командасындағы дебюттты матчында голдық көрсеткішпен көзге түсті. Екінші таймда алаңға шыққан сербиялық Укасс Мендидің берген пасын нәтижеге айналдырды. Бұл жеңісінен кейін “Университатя” командасы үздік үштіктегі “Динамо” Бухарестке жақындап қалды.
Айтпақшы, “Клуж” сапында Югтың командаласы ретінде бұрынғы қайраттық Дино Миканович ойнайды.