"Пари Сен-Жермен" "Тоттенхэммен" жартылай қорғаушы Деле Аллиді алу туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды RMC Sport.
Дереккөздің хабарлауынша, Париждік клуб ағылшын жартылай қорғаушысын бір жылға жалға алғысы келеді. Алайда, келіссөздер барысында қиындықтар туындауда. Соңғы шешім Лондондық клубтың президенті Даниэль Левиге ғана байланысты екендігі хабарланды. ПСЖ ойыншыны 5 қазанда жабылатын трансферлік терезе аяқталғанға дейін алып үлгергісі келеді.
Бұған дейін Аллидің "Тоттенхэмнің" бас бапкері Жозе Моуриньомен ұрысып қалғандығы хабарланған болатын. Алли "Тоттенхэмге" 2015 жылдың ақпанында "Милтон Кинс Донстан" ауысып келді. Трансфер сомасы 6,63 миллион еуроны құрады.Ойыншының клубпен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жасалған.
Біздің серіктес: FONBET