"Париж Сен-Жерменнің" шабуылшысы Осман Дембеле ұлттық құрамадағы әріптесі Килиан Мбаппенің болашақта "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алатынына сенетінін айтты.
Бұл пікірін ол "Байер Леверкузенге” қарсы Чемпиондар лигасындағы 7:2 есебімен аяқталған ірі жеңістен кейін Canal+ телеарнасына берген сұхбатында білдірді.
Дембеленің айтуынша, Мбаппе жастайынан зор жетістіктерге жетіп, әлем футболының ең жоғарғы деңгейінде тұрақты өнер көрсетіп келеді.
"Килиан – ерекше талант. Ол үнемі дамып, үздіктер қатарында келеді. Мен оның "Алтын допқа” лайық екеніне күмәнданбаймын." – деді Дембеле.
26 жастағы француз форвард әлі "Алтын допты” жеңіп алмаса да, жыл сайын бұл марапатқа үміткерлердің көш басында тұрады. Биылғы таңдауда марапат Осман Дембелеге бұйырып, Мбаппе жетінші орынмен шектелген.