Дембеле “The Best” жүлдесіне таласта басты фаворит

Сәрсенбі күні Катада 2025 жылдың ең үздік футболшысы анықталады.

Дембеле “The Best” жүлдесіне таласта басты фаворит

Әлемнің үздік ойыншысы атағына барлығы 11 футболшы талас құруда. Алайда инсайдерлік ақпарат бойынша “ПСЖ” футболшысы Усман Дембеле бұл жүлдені қол жеткізуге жақын екен. Ол шорт-листте Ламин Ямаль, Рафинья және Гарри Кейн сынды шабуылшыларды артта қалдырып отыр екен.

2016 жылдан бері беріліп келе жатқан жүлдеге үміткерлер тізімінде, мына ойыншыларда болды: Коул Палмер ("Челси"), Нуну Мендеш және Витинья (екеуі - "Пари Сен-Жермен"),  Педри ("Барселона"), Килиан Мбаппе ("Реал"), Мохаммед Салах ("Ливерпуль") және Ашраф Хакими ("Пари Сен-Жермен").

Айтпақшы, бұған дейін Усман Дембеле әлемдік футболда жоғары құрметке ие “Алтын Доп” трофейін өз қоржынына салып еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Барселона
×