Денис Глушаков «Ақтөбе» ФК ауысады

05.02.2023, 01:34
Денис Глушаков  «Ақтөбе» ФК ауысады


Агент Рустам Раджабов meta-ratings.kz тілшісі Ербол Қайыровқа берген сұқбатында Глушаковтың Қазақстанға келуі ықтималдылығын айтып өтті.

- Осыдан біраз күндер бұрын танымал футболшы Денис Глушаков "Ақтөбеге" ауысады деген ақпараттар тараған болатын. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады?

- Ақпарат толығымен шындыққа жанаспайды. Мен Дениспен хабарластым. Ол бұл нұсқаны үш ұйықтаса да түсінде көрмейтіндігін айтты. Қазір ол басқа ұжымның қатарында жүр. Егер бәрі жақсы болса, келісімшартқа отырады. Бұл қауөсетті тартқандар Денистің атын жамылып, танымал болып алуды көздегендер деп ойлаймын, - деп жауап берді Раджабов.

Еске салайық, Глушаков "Химкиден" кеткен болатын. Футболшы өз мансабында "Локомотив", "Спартак", СКА және "Ахмат" командаларында өнер көрсетті. Ұлттық құрама үшін жартылай қорғаушы барлығы 57 ойын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×